• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:21:22
Алматы
+35°

Қоғам белсендісі, журналист Думан Мұхамедкәрімнің үстінен ҚР ҚК 405-бабы ("экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады. 

Бұдан бөлек журналист Динара Егеубаева әлеуметтік желіде Думан Мұхамедкәрімнің түрмеде жазған хатын жариялады. 

"Армысыздар, ағайын! Асығыс жазылған хат. Қысқа ғана қайырайын. Маған экстремизм түгіл терроризм ілсе де айтқанымнан қайтпаймын. Ұры – билік, ұры – жүйе құласын! Бұл елді эволюция емес, тек революция өзгертеді. Бұған тәбәріш Тоқаевтың өзі итермелеп отыр.  Диваннан тұруға дайын болайық!", - деп жазған хатта Думан Мұхамедкәрім. 

Еске салсақ, журналист 2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынған болатын. Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Динара Егеубаева (@dinara_yegeubayeva_official)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір