22 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Екіншідеңгейлі қазақстандық банктерге Ресей рублін қолма–қол елден шығаруға рұқсат берілген.
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне ресей рублін Қазақстан Республикасынан қолма–қол ақшамен әкетуге рұқсат етілсін", – делінген Премьер–Министр Әлихан Смайыловтың жобасында.
Қазақстан Ұлттық банкі бұл әрекет шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттарды толықтыру үшін қажет деп түсіндірді.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін күшін жоймайды.
Жоба Ашық НҚА сайтында 5 маусымға дейін талқыға қойылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір