22 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қоғам белсендісі Инга Иманбай жұбайы Жанболат Мамайдың денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Жанболат Мамай денсаулығы жақсарып, палатаға ауыстырылды.
“Бүгін Жанболаттың жағдайы кішкене жақсарып, тәбеті ашылды. Қызыл бөртпе әлі де кеткен жоқ, бірақ көбеюді де тоқтатты. Дәрігерлер жақсару динамикасы бар дейді. Жанболаттың денсаулық жағдайы дәрігерлер мен аурухана басшылығының бақылауында. Олар оның тезірек сауығып кетуіне көмектеседі деп үміттенеміз!”, – деп жазды журналист желідегі парақшасына.
Халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипмиссиялар өкілдері өзімен байланыста екенін айтқан Инга Иманбай жұбайының ем қабылдауы қиындықсыз өтеріне сенім білдірді.
Еске салайық, бұдан бұрын Жанболат Мамайдың қатты сырқаттанып, жансақтау бөліміне түскені хабарланған
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір