• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:35:24
Алматы
+35°

Украина сыртқы істер министрлігі ТМД лидерлерінің Мәскеудегі парадқа баруын "тәуелсіздік үшін күресіп жатқан украин халқына қарсы дұшпандық қадам" деп атады.

Мәлімдемеде парад кезінде Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатқан ресейлік әскери техника көрсетілгені айтылған. Сонымен қатар, Владимир Путиннің "украиндерді өлтіруді, Украинаның қалалары мен ауылдарын талқандауды, бала ұрлау мен оккупацияланған украин аумақтары тұрғындарына қарсы репрессияны ақтағаны" да жазылған.

"Іс-шараның алдында Ресей Украинаны одан сайын қирату үшін 25 қанатты зымыранын ұшырды" деді олар. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Мәлімдеме авторлары Орталық Азия мен Кавказ халқы 78 жыл бұрын нацизмді жеңуге өлшеусіз үлес қосты деп жазған. Ал осы елдердің қазіргі басшыларының парадқа қатысуы "азаттығы үшін күресі жатқан украин халқына қарсы дұшпандық қадам" деп бағаланған.

Еске сала кетейік, 9 мамырда Мәскеудегі Қызыл алаңда Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 78 жылдығына орай әскери парад өтті. Шараға Ресей президенті Владимир Путинмен бірге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан президенттері және Беларусь басшысы Александр Лукашенко мен Армения премьері Никол Пашинян қатысқан.

Путин парадтағы сөзінде "Батыстағы глобалистік элита Ресейге соғыс ашты" деп айыптап, батыс элитасын нацистерге теңеген. Ресей президенті "Батыс Ресейдің құрдымға кетіп, ыдырағанын қалайды" деді.

Ол Совет Одағының Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі одақтастарын атап өтіп, парадқа келген ТМД елдерінің басшыларына алғыс білдірді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: тмд путин украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір