27 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: informburo.kz
Шілде айынан бастап көпбалалы аналардың берілетін жәрдемақы мөлшері артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін (25 530 теңге) өседі.
Тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір