• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:56:37
Алматы
+35°

Алматыда өткен Халықтық парламенттің алғашқы отырысында саясаткер Нұржан Әлтаев Петропавлды Қызылжар, Павлодарды Сарыарқа деп өзгертуді ұсынды. 

Сайлауға Ресей араласып отыр. Қазақстанның барлық активтері Ресейге кетті. Уран Ресейге кетті, АЭС-ты халықтан сұрамай Ресейге берді, металлургияны да Ресейге берді. Ресей бізге қарсы соғыс ашса біздің инфрраструктура солардың қолында болады. Сондықтан Ресей біздің елдігіміз бен тәуелсіздігіміз үшін қауіпті. Біз Халық парламенті ретінде сол мәселені көтеруміз керек", деді Нұржан Әлтаев. 

Бұдан бөлек ол Петропавл қаласындағы сеператистердің әрекетін сынға алды. 

"Петропавлдағылар бас көтеріп, жау шақырып отыр. Ертең Қызылжар Донбас болып кетпеуіне кім кепіл? Мына биліктен қайыр жоқ. Тоқаевтің әйелі мен баласы да Ресей азаматтары. Орыс тілін конститутциядан алып тастау керек.  Петропавлды Қызылжар, Павлодарды Сарыарқа деп өзгертетін уақыт келді!", деп сөзін аяқтады Нұржан Әлтаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір