• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 22:02:20
Алматы
+35°

Бүгін Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаев соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды informburo.kz

"Өкінішке орай, прокурорлардың өз қателігін мойындауға батылы жетпеді. Бірақ соттың осы қателіктерді түзетіп, әділдік пен заң үстемдігін қалпына келтіруге батылы жетеді деп үміттенем. Кеше президент адам құқығы мәселесін көтеріп, әр адамның өз құқығын қорғай алатынын сенімді болуы мен соттың әділдігіне күмәнданбауы маңызды екенін айтты"–  деді Қайрат Боранбаев.

Сондай–ақ ол "АзияГазЧунджа" және "Qazaq Gaz" арасындағы мәміледен мемлекетке шығын келген болса, өтеуге дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы былтыр 30 желтоқсанда басталған еді.

28 наурызда өткен сот отырысында прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұраған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қайрат боранбаев сот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір