• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Сәуір, 01:35:56
Алматы
+35°

Кеше үй қамаққта отырған Жанболат Мамайдың соты өтті. Сот аяқталғаннан кейін Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай Мұхтар Тайжанның Youtube арнасына сұхбат беріп, сот отырысы жайлы мәлімдеме жасады.

Соттың бұл кезеңінде айыпталушыдан жауап алынған. Алайда сот Жанболат Мамайдың жауабын тікелей эфирде өткізу туралы өтінішін қабылдамаған.

"Бұған дейін сотты тікелей эфирде өткізуге "куәгерлер қарсы" деген сылтаумен тыйым салған болатын. Бұл жолы тек Жанболат сөйлейтін болғандықтан, куәгерлер қатыспайды. Бірақ сот "үйқамақтағы адам эфирге шығуға болмайды" деп келіспеді. Ал қалған соттар "сот залдары дайын емес, дайын залдар бос емес" деген күлкілі сылтаумен онлайн форматта өтеді" – деді Инга Иманбай.  

Оның айтуынша, Жанболат Мамай екі сағат бойы "қаңтар қырғыны" не себептен болғанын тарихи–саяси тұрғыда талдап, өзінің кінәсіз екенін көрсеткен.

"Бұндай интеллигент, отаншыл адамды 10 жылға қамайын деп отырған биліктің болашағы жоқ. Жанболатқа қарсы бір де бір дәлел келтіре алмаса да, сот бір жылдан бері жалғасып келеді. Егер дәлелдері болса баяғыда бүкіл елге, халықаралық қауымдастыққа жалаулатып көрсетер еді. Жанболат заң аясынан аттамайтын азамат. Билік саяси оппенентті шектеудің шыңына шықты" – деп мәлімдеді Инга Иманбай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір