• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 21:31:01
Алматы
+12°

Қазақстанда міндетті бейнебақылау жүйесі орнату ережелері бекітілді, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі. Камераның бейнежазбаларын адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады. 

"Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру маршруттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды. Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды", - делінген ресми хабарламада.
 
Бұдан былай полиция ғимараттары, тергеу изоляторлар мен түрмелерде бейнебақылау жүйесі орнатылуы қажет. Камера дәретхана бөлмелеріне ғана орнатылмайды. Ал қалған жерлерге, атап айтсақ, орган мекемелеріне келетін адамдардың жүретін жерлерінде, режимдік кабинеттерге түгел бақылау камералары орнатылмақ.
 
"Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді және тергеудің рұқсат етілмеген әдістеріне қарся бағытталған”, - деп хабарлады Бас прокуратура
 
 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір