• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:36:33
Алматы
+35°

Кеше түрмеден босап шыққан Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Дубайға ұшып кетті, деп хабарлады қырғызстандық 24.kg порталы. Оның жанында ұлы Қадырбек бар. 

"Алмазбек Атамбаев Бішкек – Дубай бағыты бойынша 6.34-те ұшып кетті. Содан кейін ол емделу үшін Испанияға ұшады"делінген ресми хабарламада. 

2020 жылдың маусымында 11 жылға бас бостандығынан айырылған Алмазбек Атамбаев бірер күн бұрын бостандыққа шыққан. Оған Бішкек маңындағы колонияда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылып 16 жыл 8 айға сотталған қылмыс әлемінің авторитеті Азиз Батукаевтың мерзімінен бұрын түрмеден шығуына көмектесті деген айып тағылған болатын. Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының шешімімен оған емделу үшін шет елге шығуға рұқсат берілген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір