• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:21:00
Алматы
+35°

Сингапурда «G4 City» жобасын дамыту және орындау шеңберінде шетелдік әріптестермен кездесу өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов және «Surbana Jurong Infrastructure Pte Ltd» компаниясының бас директоры Choon Chong мырза келісімге келіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аталмыш Меморандумның мақсаты – тараптардың жобаны әзірлеу жөніндегі ынтымақтастығын одан әрі жандандыру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес G4 қаласының Бас жоспарын әзірлеу негіздерін белгілеу болып саналады.

Жалпы, «Surbana Jurong Group» компаниясының жобаларды табысты іске асыруда 70 жылдық тәжірибесі бар.

Аталмыш компания жоспарлау мен жобалаудан бастап жеткізу мен басқаруға, пайдаланудан шығаруға және жабуға дейінгі жобаның бүкіл циклін қамтитын тұрақты шешімдерді ұсынады.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Негізігі «Surbana Jurong» компаниясы Сингапурда миллионнан астам үй салып, 60-тан астам елде бас жоспарлар жасады және бүкіл әлем бойынша 100-ден астам өнеркәсіптік саябақтар құрған.

«Біз қазақстандық әріптестеріміздің «G4 City» жобасының артында тұтас өңірдің және ұрпақ болашағы тұрғанына сенеміз. Біздің міндетіміз - сапалы және бірегей тұрғын үй жобасы ретінде іске асырылатын бас жоспарды әзірлеу үшін ең тиімді шешім ұсыну. Біз сапалы тұрғын үйлерді, жұмыс орындарын, жолдарды, теміржолдарды, су электр стансыларын, бөгеттерді, жерасты және жағалаудағы қорғаныс құрылыстарын және клиенттерімізге қажет басқа да маңызды инфрақұрылымды жобалау және жеткізу арқылы өмір сүруге қолайлы кеңістіктер құрамыз", - деп атап өтті Сингапур компаниясының өкілдері.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір