• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:52:38
Алматы
+35°

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркелу үшін құжат тапсырды. Бұл туралы ақынның өзі хабарлады. 

"Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутатын сайлау бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына бүгін мажоритарлық жүйемен өзімді-өзім Қазақстан Республикасы Парламент депутатына кандидаттыққа ұсындым. Мойындаймын. Оңай келген шешім емес", деп жазды Ринат Зайытов.
 
Ақын туған жері Абай облысы мен қызмет етіп жатқан Алматы қаласы арасында таңдау жасағанын айтады.
 
"Алдымда екі таңдау болды: Алматы қаласы және Абай облысы. Әрине бір қараған адамға туған жерім үш жұртымның ең көп өкілдері тұратын аймақ. Абай облысы тиімді болатын еді. Бірақ, "Ауыл итінің аузы сасық" екенін, бір облысты толық аралауға, әр ауылдан сенімді өкіл, әр участоктен бақылаушы т.б. ескерсек оның барлық шығынын өтейтін менде мүмкіндік те, демеуші де жоқ. Оған қоса аймақтарда жергілікті биліктің ықпалы өте үлкен. Сондықтан Алматы. Алматы – азаттықтың астанасы. Алматы – рухты қауымның мекені. Ол аз десеңіз, осыдан төрт жыл бұрын биліктің кісенінен жұлып алған да осы Алматыдағы ағайын. Демеушім жоқ демеймін. Тілектестерім бар. Қазақ бар! Жаратушыдан кейін сенерім солар. Тәуекел. Оңай шегінбейтінімді ескертудің қажеті жоқ шығар. Сонда да...". 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір