• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 11:27:25
Алматы
+12°

Алматыда 214 мыңнан астам борышкер банкроттық туралы өтініш бере алады, деп хабарлады қалалық мемлекеттік кірістер департаменті.

Жаңа заң наурыз айынан бастап қолданысқа ене бастайды. Борышкерлер сот арқылы немесе соттан тыс банкроттық рәсімге ие бола алады. Бұдан бөлек борышкердің тұрақты табысы болған жағдайда қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған қаржы басқарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам "банкрот" деген мәртебесін алмайды. 

Борышкер банкроттық рәсімді іске асырғаннан кейін 5 жыл бойы несие ала алмайды. Сондай-ақ мемлекет тарапынан борышкердің қаржы жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жасалып отырады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір