• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 22:12:06
Алматы
+35°

Қамаудағы бизнесмен Қайрат Боранбаев ұсталмас бұрын елден қашып кету ойында болмағанын хабарлады. Астанада өтіп жатқан сот отырысындағы үзіліс кезінде журналистер Қайрат Боранбаевқа бірнеше сұрақ қойды. Бизнесмен "елден қашып кетпекші болды" деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Бұл – жалған ақпарат. Мен қамауға алынбас бұрын кездесуде болдым. Сағат 17:00-ге таман тұтқындалдым. Бұл кезде Пекин қаласынан келген едім. Иә, түнгі 2:00-лерде Рига қаласына ұшуды жоспарладым. Не үшін қашуым керек? Мен осы елде туып өстім. Әкем осында жерленген, анам да осы елде. Бизнесім де осында. Қайда қашуым керек?", деді Қайрат Боранбаев. 

Қайрат Боранбаев Рига қаласына сапары бір ай бұрын жоспарланғанын айтты.

Қайрат Боранбаетың соты 2022 жылғы 30 желтоқсанда басталды. Ол былтыр 17 наурызда қамауға алынған. Оның үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша іс қозғалған болатын.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір