• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 11:25:49
Алматы
+12°

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерге шақыру жасын кезең кезеңмен ұлғайтуды ұсынды, деп жазады kommersant.ru порталы.

Ол әскерге шақыру жасын 18-ден 21-ге дейін, шақырудың шекті жасын 27-ден 30-ға дейін көтеру арқылы Ресей әскерінің санын 1,5 миллионға дейін арттыру көзделіп отырғанын жеткізді. Оның 695 мыңы келісім-шарт негізінде қызмет ететін әскерилер болады.

Шойгу мұндай шара НАТО күштерінің ел шекарасының солтүстік-батыс шағына төне түсуімен байланысты екенін айтады.

Ол келісім-шартпен қызмет ететін әскерилер санын жыл соңына дейін 521 мыңға жеткізуді тапсырды.

Бұдан бөлек Шойгу Мәскеу және Ленинград әскери округ пен жаңа екі дивизия құруды ұсынды.

Қазіргі уақытта Ресейде әскерге 18-27 жас аралығындағы ер адамдар шақырылады. Қызмет мерзімі бір жылды құрайды.

Ресми Киев өзіне қарсы басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан Ресей үлкен шығынға ұшырап жатқанын айтады. Мәскеу келтірген деректерде әскери шығын көлемі Украина деректерінен әлдеқайда аз. Бейтарап дереккөздер соғыс жағдайында қос тараптың да айтқандарын нақты анықтай алмай отыр. Алайда қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланып, ресми түрде 300 мыңнан астам адам әскерге алынған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей әскері

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір