• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:24:26
Алматы
+35°

Президент сайлауынан кейін басталған кадрлық ауыс-түйістер бүгін де жалғасын тапты.

♦ Алдымен президент Бауыржан Мұхаметжановты Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатып, оның орнына президент әкімшілігі басшысының экс-орынбасары Мәлік Мырзалинді тағайындады.

♦Ал Мырзалиннің орнына Ернар Баспаев президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалып, президент көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

♦Қанатбек Жайсаңбаев президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылып, өтініштерді қарауды бақылау бөліміндегі бос орынға тағайындалды.

♦Ол басқарған мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөліміне Ғабидулла Оспанқұлов меңгеруші атанды.

♦ Кадрлық өзгеріске іліккендер қатарында президент Қ.Тоқаевтың күйеубаласы Теміртай Ізбастин де бар. Ол Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
 
♦ Оның орнына Қазақстанның Литвадағы төтенше және өкілетті елшісі болған Виктор Темірбаев келді.
 
♦ Темірбаевты Тимур Оразаев алмастырды.
 
♦Ал Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Албаниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
 
♦ Кеше ғана елорда басшылығынан босаған Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кадрлық өзгеріс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір