• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Шілде, 14:57:51
Алматы
+35°

Рубльмен немесе теңгеден басқа валютамен төлем қабылдаған қазақстандық сатушылар жазаланатын болады. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі кулуарында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады. 

Журналистер министрге Астанадағы дүкендердің бірінде тауар бағасы рубльмен қойылғаны туралы ақпарат бар екенін айтты. Министр аталған оқиғаның тіркелмегенін, егер тіркелсе бақылауға алынатынын ескертті. 

"Біздің ұлттық валютамыз – теңге. Баға көрсеткішінің бәрі ұлттық валютамен көрсетілуі тиіс. Егер тауар бағасы басқа валютамен көрсетілген болса, заңға қайшы. Бәріміз заңға бағынуымыз керек. Егер мұндай фактілер тіркелген болса, заңсыз әрекеттердің алдын аламыз. Дүкен қызметкерлеріне де тиісті жаза қолданылады", деді министр. 

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір