• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:26:36
Алматы
+35°

Өскемендік өрт сөндірушілердің, облыстық және қалалық әкімдіктер өкілдерінің үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында бүгін түнде 4-ші қалалық ауруханада болған өрт тез арада сөндірілді.

6 қазан күні түнгі сағат бір шамасында Серікбаев көшесіндегі медициналық мекемеде жертөледе өрт шықты.

Жағдайды ШҚО әкімі Даниал Ахметов дереу жеке бақылауға алды, ол әр 15 минут сайын байланысқа шығып отырды. Оқиға орнына дереу әкімнің орынбасары Ш.Буктугутов, сондай-ақ қала әкімі Ж. Омар барды. Жедел, дүрбелеңсіз адамдарды ауруханадан эвакуациялау басталды.

ТЖ орнында өрт сөндірушілер жедел және үйлесімді жұмыс істеді.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Науқастардың ешқайсысына қосымша медициналық көмек қажет болмады, барлығы бұл жағдайға түсіністікпен қарады.

Өрт сөндіруге барлығы 15 бірлік техника мен жеке құрамның 45 адамы тартылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір