• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:00:51
Алматы
+35°
"Шаңырақ оқиғасы" бойынша ұзақ жылға сотталған Құрманғазы Өтегенов 19 тамызда таңертең түрмеден босап шықты, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Құрманғазы Өтегенов 2006 жылғы 14 шілдеде Алматының шетіндегі Шаңырақ елдімекенінде болған оқиғаға қатысқаны үшін сотталған. Сот үкімі бойынша 16 жылға бас еркіндігінен айырылған Құрманғазы Өтегеновтің жаза мерзіміне 2013 жылы түрме әкімшілігінің "заңды талабына бағынбағаны" үшін тағы екі жарым жыл қосылған еді.

Шаңырақта сот "заңсыз салынған" деп таныған баспаналарын сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті тұрғындар қарсылық көрсетіп, қақтығыс салдарынан полиция қызметкері қаза болған. Осы оқиғадан кейін төрт адам ұзақ мерзімге сотталған. Олардың екеуі 2020 жылы мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шықты.

"Шаңырақ ісі" бойынша 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген, былтыр күзде денсаулығына байланысты босатылған диссидент, ақын Арон Атабек түрмеден шыққаннан кейін көп ұзамай ауруханада қайтыс болған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен жергілікті белсенділер оның өліміне билікті кінәлап, түсініктеме беруді талап етті. Халықаралық дәрежеде тергеу жүргізу қажеттігін де алға тартты. Ал белсенділер "Шаңырақ ісінің" қайта қаралуын талап етті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шаңырақ ісі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір