29 Шілде, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Премьер-министр Әлихан Смайлов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне әлеуметтік желіні шектей алатын өкілет беретін қаулыға қол қойды.
Құжатқа сай, министрлік әлеуметтік желілерді бақылайтын қосымша мүмкіндіктерге ие болды. Атап айтқанда:
♦ онлайн-платформаны (Facebook іспеттес әлеуметтік желілер) немесе лездік хабарлар алмасу сервисін (Whatsapp тәріздес мессенджерлер) пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында олардан бір тәуліктегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұрата алады;
♦ онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернетте ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындай алады;
♦Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ел аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабар алмасу сервисінің қызметін шектей алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір