• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:41:55
Алматы
+35°
Ақмола облысы Арнасай ауылына жақын жерде суға батып кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. порталы.
 
Құтқарушылар батып кеткен қызды 5 күн бойы іздеді. Қайғылы оқиға Арнасай ауылына жақын жерде болған. Марқұм су қоймасында гидроскутермен жүрген. Жағадан шалғай кеткенде құлап, суға батып кетеді.
 
Іздестіру шараларына ондаған құтқарушы қатысқан. Адам іздейтін ит, моторлы қайықтар мен арнайы стационарлық эхолот жеткізілген. Сүңгуірлер эхолоттың мәліметтеріне қарап, судың түбін зерделеген. Іздеу жұмыстарына қоймадағы қатты жел мен судың түбіндегі қалың шөп қиындық туғызған.
 
Бұқаралық ақпарат құралдарында марқұм Atameken Business телеарнасында жұмыс істегені туралы ақпарат шықты.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Астана су қоймасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір