• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 16:42:40
Алматы
+35°

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXIII сессия өтіп, мәслихат құрамында өзгерістер болды.

Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы, "AMANAT" пен "Қазақстан Халық партиясы" партиялары филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді. Сондай-ақ партиялардың бірқатар мүшелері партиядан шығарылды. Олардың қатарында қаңтар оқиғасы тергеуі аясында сәуір айында ұсталып, әлі күнге дейін қамауда отырған белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген де бар. Ол қалалық мәслихат құрамынан әрі "AMANAT" партиясынан шығарылған.

Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлаған деп айыпталып отырған "Дикий Арман" есімімен белгілі криминал авторитет Арман Жұмагелдиевтің жанында жүрген. Қазіргі уақытта екі азамат та тергеліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қайрат Құдайберген

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір