• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:10:53
Алматы
+35°

Алматыда коронавирустың таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлап, қала "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.

Бұған дейін 3 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда 88 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлаған. Республика бойынша жұқтыру фактілерінің жалпы саны 158 болған. Зерттеулер бойынша бүгінде COVID-19 жұқтырғандар санының артуына стелс-омикрон әсер еткен.

Қаладағы эпидахуалға байланысты Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулыға қол қойды.

Оған сәйкес, жабық мекемелерде маска тағу режимін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, қаулыда байланыста болған адамдарды, жүкті әйелдерді және екпе алуға қарсы көрсетілімі бар адамдарды қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру керектігі жазылған.

Бұдан бөлек, вирус анықталған адаммен байланыста болған жақын адамдарды қашықтан жұмыс формасына көшіру, аурудың ауырлығы жеңіл және симптомы жоқ науқастар 7 күн бойы амбулаторлық бақылауға алу талаптаны енгізілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір