• USD 472.14

  • EUR 498.39

  • RUB 7.65

  • CNY 67.93

10 Желтоқсан, 00:28:37
Алматы
-11°

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 189 жағдай тіркелді, деп хабарлады  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 797-ге жеткен. 

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 55, Алматы қаласында 98, Шымкент қаласында 8, Ақмола облысында 1, Алматы облысында 8, Атырау облысында 5, Шығыс Қазақстан облысында 3, Жамбыл облысында 5, Қарағанды облысында 5, Солтүстік Қазақстан облысында 1 жағдай тіркелген.

Сондай-ақ елде тағы 31 адам коронавирустан жазылып шыққан:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 15,
  • Алматы қаласында – 10,
  • Алматы облысында – 2,
  • Қарағанды облысында – 4.

Ведомствоаралық комиссия мәліметіне сүйенсек, өткен аптамен салыстырғанда жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан. Науқастардың 80 пайызына жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір