• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 16:07:27
Алматы
+19°

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туыстары заң бұзғаны толық дәлелденген жағдайда, тиісті түрде жазалануы керек деді. Бұл туралы тұңғыш президенті саясаткер Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтты. 

– Біз ұзақ жыл бойы Қазақстанда құқықтық мемлекет құрып келеміз. Оның негізгі қағидаты: заң – бәріне ортақ. Егер туыстарымның бірі заңды бұзу үшін менің атымды жамылса, онда олар тиісті жазаға тартылуы керек. Оның кінәсі сотта дәлелденуге тиіс. Әр азамат заңды түрде қорғануға құқылы екенін ұмытпаған жөн, – деді Назарбаев сұхбатында.

Н.Назарбаев күйеу баласы Рахат Әлиевтің заңсыз әрекеттеріне де көз жұмып қарамағанын айтқан.
 
– Ол менің қызымның күйеуі болды. Ұлым сияқты еді, жиендерімнің әкесі болды. Бірақ соған қарамастан мемлекет оның заңға қайшы әрекеттеріне көз жұмып қараған жоқ. Қазақстан соты оны соттады. Бірақ ол қашып үлгерді, өмір бойы жасырынуға мәжбүр болды. Адам қызығарлық тағдыр емес, – деді Назарбаев.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев Елбасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір