• USD 465.08

  • EUR 488.75

  • RUB 9.1

  • CNY 69.43

29 Маусым, 22:46:48
Алматы
+22°

Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай музей директоры "Арыстанбек Мұхамедиұлы қайтыс болды" деген ақпаратты теріске шығарды.

"Жалған ақпарат жарға жығады. Бүгін таңертеңнен бері "Арыстанбек Мұхамедиұлы өмір озды" деген жалған ақпараттар мен алыпқашпа хабарландырулар кеңінен таратылып жатыр. Бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлай отырып, жеке тұлғаның өмірі жайлы жалған мәлімет тарату, бұқара халыққа теріс ой салуға әрекет ету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз. Құрметті достар! Фейк аккаунтпен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауға, тек ресми дерек көздеріне сенуге шақырамыз" деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Aidar Kyrykbaıýly (@aidar_kk)

Кеше Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шыққан. Ұзамай Арыстанбек Мұхамедиұлының президентке жолдаған бейнеүндеуі жарияланды. Үндеуде ол өзіне қатысты тексеріс негізсіз жүріп жатқанын жеткізіп, президенттен тексерісті тоқтатуға ықпал етуді сұраған. Сол арқылы тергеу туралы ақпаратты жанама түрде растаған. Артынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізуде мемлекет қаржысын жымқырған деген күдікпен музей басшылығы тергеліп жатқанын ресми хабарлады. Бірақ Арыстанбек Мұхамедиұлының атын тікелей атамады. Осы оқиғалардың арасында Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қол салмақ болып, тамырын кесіпті-мыс деген әңгіме тарады. Бірақ ақпарат расталған жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір