• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:22:49
Алматы
+35°

ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларын қамау мерзімі ұзартылды, деп жазады КазТАГ сайты.

Мәсімов пен оның экс-орынбасары Әнуар Садықұлын қамау 13 маусымға дейін ұзартылғаны хабарланды.

Тағы бір бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді 13 маусымға дейін, үшінші орынбасар Марат Осиповты қамау 22 мамырға дейін ұзартылған.

13 сәуір күні Karimmassimov.com сайтында қаңтар оқиғасынан кейін қамалған Кәрім Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны, дәрігерлер оны дереу қамаудан босату керектігін айтқаны туралы ақпарат шыққан. Ұзамай ҰҚК Мәсімов қамауда ұстау жағдайына, оның ішінде медициналық көмектің көрсетілуіне қатысты шағымданбағанын мәлім етті.

Бүгінде Мәсімовтің тергеу кезінде анықталған мүлкі бұғатталған. Оған қатысты қылмыстық кодекстің төмендегідей 5-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

♦ ҚК 336-бабы 4-бөлігі – "Пара алу"

♦ ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы – "Билiктi немесе лауазымдық өкiлетігін асыра пайдалану"

♦ ҚК 175-бабы 1-бөлігі – "Мемлекетке опасыздық жасау"

♦ ҚК 179-бабы 3-бөлігі – "Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту"

♦ ҚК 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)"

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Кәрім Мәсімов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір