• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:12:44
Алматы
+35°

Бір жылда қайталама нарықтағы пәтерлердің бағалары 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3%-ға қымбаттаған. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 22,2% жоғары. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады..

Статистика комитетінің мәліметінше, тұрғын үй бағасы бесінші жыл қатарынан өсіп жатыр. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана тіркелген. Ол кезде жаңа тұрғын үй нарықта 3,6%-ға арзандаған. 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6%-ға арзандаған.

"Бір айдың ішінде (2022 жылғы наурызға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағалары 1,8% өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құрады. Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде әрқайсысы 0,8%-ға жоғарылап, шаршы метріне тиісінше 412 315 теңге және 3 561 теңгені құрады" делінген ақпараттық хабарламада. 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тұрғын-үй бағасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір