• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:42:50
Алматы
+35°

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Қазақстандағы балалар жылы аясында өңірдің дарынды оқушыларымен, республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың, шығармашылық конкурстардың және WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Іс-шара балалар жылы аясында өткізілді. Басты мақсат – оқуда үздік, шығармашылықта және спортта жоғары жетістіктер көрсеткен талантты оқушылар мен студенттерге құрмет көрсетіп, қолдау білдіріп, жетістіктерге жігерлендіру, халқына деген сүйіспеншілік сезімді ұялатып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Шараның басында өңір басшысы сөз алып, жиналған өскелең ұрпаққа болашаққа бағдар беретін ой айтты.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы
«Қазақстан әлемде қазба байлықтары мол мемлекеттердің бірі. Осынау игілікті іске асырып, жаһанда алдыңғы қатарда ел болуы үшін сендердің білімді болуларың айрықша қажет. Сондықтан да бәсекеге қабілетті болып, үлгерімдерің жақсы болуы тиіс. Өңірде алаңсыз білім алуға барлық жағдай жасалған. Ендеше жас достарым береке-бірліктің қадірін біліп, халықтар арасындағы достыққа ерекше мән беріп, қасиетті отанымыз Қазақстанның дамуына біп кісідей үлес қосады деген мол сенімдемін» деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының оқушылары беделді халықаралық және республикалық олимпиадаларда жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. Оқушылар 208 медальді жеңіп алды, оның ішінде 60 алтын, 66 күміс және 82 қола бар.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Фото: ШҚО ақпарат орталығы
Соңғы үш жыл ішінде өңірдегі колледж студенттерінің командасы WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының абсолютті жеңімпаздары атанып, халықаралық аренада елдің атын шығарып, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

2021 жылы WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында колледж студенттері 27 медаль жеңіп алды, оның ішінде 13 алтын, 5 күміс және 9 қола бар.

Аймақ басшысымен кездесуге келген барлық қатысушыларға облыс әкімінің атынан грамоталар мен дипломдар табысталады. Сонымен қатар WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жеңімпаздарына ноутбуктар сыйға тартылып, дарынды оқушыларға 100 000 теңгенің сертификаты берілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір