• USD 465.08

  • EUR 488.75

  • RUB 9.1

  • CNY 69.43

29 Маусым, 22:52:03
Алматы
+22°
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі ел конституциясына бекітілетіні оның өкілетін арттырмайды, керісінше тарылтады. Бұл туралы конституцияны өзгерту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасұлов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбат барысында мәлім етті.
 
Оның айтуынша, конституцияға Нұрсұлтан Назарбаев "тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" деген тіркес тек Назарбаевтың тарихи рөлін айқындау үшін ғана қосылған. Бұл экс-президентке ешқандай өкілет бермейді. Керісінше енді Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша құзыреттер мен кепілдіктер беретін 2000 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" конституциялық заң күшін жояды.
 
Аталған заң экс-президентті қылмыстық жауапкершіліктен босататын, оған сай өзі мен бірге тұратын туыстарының дүние-мүлкіне ешкім қол сұға алмайтын, банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік берілетін.
 
Ермек Әбдірасұлов Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған кезіндегі шешімдері үшін жауап бермейтінін, бірақ қызметін асыра пайдаланып, қылмыстық әрекеттерге барғаны анықталса, заң алдында жауапты болатынын атап өтті.
 
Бұған дейін Ермек Әбдірасұлов тұңғыш президент мәртебесі конституцияда "тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" ретінде айқындалатынын хабарлаған. Бұған әлеуметтік желіде көпшілік қарсылық білдірген. Конституциялық өзгерісті бастапқыда жұртшылықтың басым бөлігі экс-президенттің иммунитеті күшейтілгелі жатыр деп түсініп қалған.
 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір