• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:10:24
Алматы
+35°
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 16 278 шетелдік азамат еңбек етеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

"Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 639 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 150 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 8 115 және 825 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 197 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 352 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 683 жұмыс беруші бар. Оларда 429 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%ын құрайды" делінген министрлік хабарламасында.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 685 адам, Түркия – 1 977 адам, Үндістан – 1 268 адам, Өзбекстан – 1 195 адам, Сербия – 1 109 адам.

Биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота саны 23 560 бірлікті құрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір