• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 16:36:58
Алматы
+35°

Фото: Қайрат Құдайбергеннің Facebook парақшасынан

Алматы қаласының прокуратурасы бүгін ұсталған кәсіпкер, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенге қандай айып тағылып отырғанын мәлім етті.

"Алдын ала тергеумен Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен ("Дикий Арман" деп аталатын) бірге "Қазақстан" қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке бірыңғай талаптар ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан "ұяшықтар" бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.  

Содан кейін Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.

Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты" делінген прокуратура хабарламасында.

Құзырлы орган Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы "Қазақстан" қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалар, куәгерлердің айғақтары арқылы расталғанын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қайрат Құдайберген

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір