• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:56:34
Алматы
+35°

Бас прокуратураға қарасты Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында уақытша ұстау изоляторларында азаптау фактілерінің салдарынан 6 адам мерт болғанын мәлім етті.

Оның айтуынша, азаптау фактілерін жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары тергейді. Ал Арнайы прокурорлар қызметіне адам өлімі секілді ауыр салдарға соқтырған азаптау фактілері туралы істер келіп түседі.

 

– Біздегі мәліметке сай, осындай жағдай (азаптау – ред) кезінде Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында екі адам қаза тапқан, үш адам – Шығыс Қазақстан облысында, бір адам Талқықорғанда мерт болған. Бұдан бөлек Талдықорған тұрғынын үтікпен азаптауға байланысты резонанс тудырған істі де қарауымызға алдық. Бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр, оның нәтижесі туралы міндетті түрде хабарланады. Бірақ мұндай қылмыстар жаппай сипат алмаған атап өткім келеді, – дейді ол.

 

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандар полиция бөлімшелерінде, тергеу изоляторларында азаптауға ұшырағаны туралы көптеген фактілер белгілі. Кей жердерде полиция қызметкерлері ұсталғандарды ұрып соғудан бөлек, үтікпен күйдірген, тырнақ астына ине сұққан, тістен тоқ соққан, күдіктілердің үстіне қайнаған су құйған, басына целлофан кигізіп тұншықтырған.

Бұған дейін азаптау мен заңсыз тергеу әдістеріне байланысты 178 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір