• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 14:59:28
Алматы
+35°

Ресейде қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары құрылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ақпараттық ресурсы мәліметті.

"Ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату және білім беру сапасын қамтамасыз ету, техникалық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы Келісімге қол қою туралы Қаулы қабылданды. Келісімде екі елдің заңнамасына сәйкес тең негіздегі филиалдар құрылатыны көзделген. Келісімді іске асыру аясында филиалдарды ашу кезінде қосарланған лицензия алу жүзеге асырылады. Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде меңгеру арқылы, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін. Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу Қазақстан және Ресей заңнамасына сәйкес іске асырылатын болады" делінген ақпараттық хабарламада.

Бұған дейін президент Қ.Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасының кей тұстарын қайта қарап, техникалық бағыттағы мамандықтарға ден қою керектігін, басымдықты Ресей жоғары оқу орындарына беру қажеттігін атап өткен

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жоғары білім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір