04 Ақпан, 2022 NEWS
Фото:gov.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғанын хабарлады.
"Ғ. Ниязов ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ұсталды" делінген хабарламада.
Сот қаулысымен әкім орынбасарына 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Тергеу жалғасуда.
Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2017 жылы тағайындалған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір