• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:29:15
Алматы
+35°
Халық сайлаған депутаттар халық мүддесі жолында қызмет етуге тиіс. Осыны депутаттар жадына мықтап түюі керек. Әзірге біздің депуттаттар халық арасында беделге ие емес. Бұлай деп президент Қ.Тоқаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезінде айтты.
 
– Партия мүшелерінің аймақтардағы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысуын күшейту қажет. Аймақтардағы жұмысты кейде әкімнен басқа ешкім көрсетпейді. Жұртшылық аймақтардағы партияның рөлі туралы біле бермейді. Өйткені депутаттардың өзі бұл мәселеден қашқақтайды. Сондықтан "Nur Otan" мәслихаттары депутаттарының ел алдындағы рейтингін енгізу аса маңызды. Азаматтар халық қалаулылары халықтың әл-ауқатын көтеру, елдегі өмір сапасын жақсарту жолында не істеп жатқанын көріп, түсінуі керек, – деді ол.
 
Тоқаев сондай-ақ алдағы реформаларды сапалы түрде заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін партияның мәжілістегі фракциясын жаңғырту керектігіне назар аударды.
 
– Фракция мүшелері формализмнен алыс болып, қатып қалған қалыптан шығуы керек. Қоғам өкілдерімен көбірек байланыс орнатуы қажет, – деді президент.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев "Nur Otan"

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір