• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 07:10:23
Алматы
+19°

Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы болған Ресейдің талабын АҚШ қабылдамады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Ресейдің Украина дағдарысын шешу жөніндегі талаптарына ресми жауап берді.

Блинкен Мәскеуге ешқандай жеңілдік бермеді, бірақ ол "егер Ресей келіссе, елеулі дипломатиялық жолды" ұсынатынын айтты.

Ресейлік тарап НАТО-мен келісе отырып, Блинкеннің жауабын зерттейтінін айтты.

Ресей НАТО әскери альянсының кеңеюіне және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты алаңдаушылықтарының жазбаша тізімін жариялады. Олардың арасында Украина мен басқа елдерді НАТО-ға қоспау талабы болды.

Соңғы апталарда Украина шекарасы маңына жүз мыңға жуық ресейлік сарбаз жиналуда. Батыс елдері мұны ықтимал шабуылға дайындық деп санайды. Ресей мұны жоққа шығарады.

Блинкеннің айтуынша, АҚШ-тың жауабы Украинаның егемендігі мен НАТО сияқты қауіпсіздік одақтарға қосыла алу құқығын айқын көрсетеді.

"Қалай жауап беру керектігін Ресей шешеді. Біз қалай болса да дайынбыз" деді ол.

Айта кетейік, батыс елдері Украинаға шабуыл жасалған жағдайда Ресей президенті Владимир Путинге тікелей бағытталған шаралар туралы ескерткен. Сонымен қатар олар бұл қадамның Ресейге зардабы ауыр болатынын жариялаған

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Украина НАТО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір