• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 08:05:48
Алматы
+19°

Денсаулық сақтау министрлігі 20 қаңтар күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 16 284 адамнан коронавирус, 157 адамнан пневмония анықталған. 19 қаңтарда 6 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан көз жұмған.

21 қаңтардағы мәлімет бойынша, 124 744 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 929 пациент стационарда, 115 815 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 396 адамның жағдайы ауыр, 88 пациенттің жағдайы өте ауыр, 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары "Қызыл" аймақта.

Түркістан облысы "Сары" аймақта.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 104 772 адам вакцинаның I компонентін, 8 667 645 адам II компонентін салдырған.

2022 жылғы 19 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда PFIZER вакцинасының I компонентін 526 512 адам, II компонентін 274 170 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір