• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:46:05
Алматы
+35°
 
Қазгидрометтің метеорологиялық болжам бөлімінің басшысы Дәулет Кисебаев 31 желтоқсанға арналған Алматыдағы ауа райы болжамын жариялады.
 
Мәліметке сәйкес, алдағы аптада ауа температурасы түнде -4 градус пен +1 градус аралығында болады. Күндіз 5-10 градус жылы болады деп күтіліп отыр.
 
31 желтоқсанда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз, түнде 5 градусқа дейін суық, күндіз 5 градусқа дейін жылы болады. Тек 26 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
 
Алматы қаласы бойынша желтоқсандағы жауын-шашын нормасы – 42 мм. Бүгінде бұл көрсеткіш тек 3,6 мм-ге ғана жетеді.
 
Дәулет Кисебаев желтоқсандағы күн райын аномалдық емес екенін айтады. Сөзінше, мұндай ауа райы 5-10 жылда бір қайталанып тұрады. Мәселен, 2011 жылы желтоқсанда күн 18 градусқа дейін жылыған кездер болған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір