• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:46:40
Алматы
+35°

Шымкент қаласы бойынша 47077 азамат үй кезегінде тұр. Биыл оның аз қамтылған 237-сі баспанаға қол жеткізді. Сондай-ақ, 682 азамат арендалық баспанамен қамтылды. Ал несиелік негізде баспанамен қамту үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Соның арқасында биыл 1285 азамат қоныс тойын тойласа, 233 отбасыға жергілікті бюджет есебінен алғашқы жарнасын төлеуге көмек берілді. Осылайша, өңірдегі баспана мәселесін кезең-кезеңмен шешіп жатырмыз дейді, – жауаптылар.

Жұлдызай Ордабекова, Шымкент қаласы тұрғын үй басқарма басшысының міндетін атқарушы:

«Жалпы Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда тұрғын үй алу тізімі негізінде 6 бөлік тізіммен жүргізілуы керек, алайда бізде Ұлы отан соғысының ардагері толығымен қамтылғандықтан, 5 тізіммен жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй алу тізімде 47077 азамат тіркелген. Бұл көрсеткіш жыл басымен салыстырғанда ол кезде 42 мың болатын 5 мың адамға артып отыр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 1787 азаматты құрайды. Көп балалы отбасылар 8895 азаматты, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы 16157 азаматты, мемлекеттік қызметшілер 20211 азаматты құрайды.»

Бұған дейінгі пайдаланудағы тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу де назар тыс қалмаған. 11 көпқабатты үй бастан-аяқ жөнделсе, 25-сін ретке келтіру басталып кеткен. Ал мүлдем жөндеуге келмейтін 107 тұрғын үй анықталған. Бұл ретте оларды бұзу және тұрғындарды көшіру жұмыстары жүргізілуде. Олар баспанасыз қалмайды екен.

Жұлдызай Ордабекова, Шымкент қаласы тұрғын үй басқарма басшысының міндетін атқарушы:

«Бүгінгі таңда тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірнеше жолдары бар. Олар арендалық тұрғын үй және несиелік тұрғын үй. Кезек ретімен қамтамасыз етілемін деген азаматтар төлем қабілеттілігі төмен азаматтар, өздерінің сатып құқығынсыз жалдамалы пәтерін күтуге мүмкіндіктері бар. Ал несиелік негізде ниет білдіретін азаматтар оларға 2 пайыздық 2-10-20 бағдарламасы – Бақытты отбасы, 5-10-20 бағдарламасы – Шаңырақ бағдарламасы және 5-20-25, 7-20-25 бағдарламасы қарастырылған».

Осылайша, еліміздің үшінші мегополисіндегі баспана мәселесі өз шешімін табуда. Жаңа пәтердің кілтіне қол жеткізгендердің қатары да артып келеді. Қазақстандық нарықта ипотекалық бағдарламалар да көбейген. Осы негізде елімізде 10-нан аса бағдарлама тұрғындар игілігі үшін қызмет көрсетуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір