• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:49:39
Алматы
+35°

Қазіргі таңда ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй саласында өзгерістер енгізілген. Осыған байланысты көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда. Өзгеріске сәйкес, «Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін таңдау болып табылады.

Бүгінде Шымкент қаласында басқару нысанын тіркеуге жататын 1823 тұрғын үй бар. Ал жалпы тіркелгендер саны – 1745.
Оның ішінде:
- мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ) – 140;
- жай серіктестік (ЖС) – 1605.

Қала бойынша тіркелген басқару объектілерінің жалпы саны 96 пайызды құрайды.

Жыл соңына дейін мүліктің меншік иелері бірлестіктерімен жай серіктестіктерді құруды 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір