• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:14:02
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының Қаратау ауданы бойынша 40 360 жеке тұрғын үй (83,3 %) тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылған. Шағынаудандарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Тұран шағынауданын ауызсумен қамтамасыз етуде 62,7 шақырым ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталды. Қазір абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Көмешбұлақ су жинақтаушысынан Тұран шағынауданы айналма жолына дейінгі ұзындығы 4,48 шақырым суаққы құрылысы мердігер «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Аталған нысан биыл қараша айында аяқталады деп күтілуде.

Азат шағынауданында абоненттеу жұмыстары толық аяқталса, Достық тұрғын алабында қазіргі таңда абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған соң ауыз сумен қамту көрсеткіші 91,8 %-ға жетеді. Ал 2023 жылы аудан бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету 100 %-ды құрайтын болады.

Жалпы аудан аумағында 12 400 тұрғын үй (25,6 %) орталық кәріз жүйесімен қамтылған. Бүгінде Асар-2 шағынауданында «Монолит – Дизайн - 2030» ЖШС, Достық шағынауданында «Газовое хозяйства - Шымкентгаз» ЖШС, Тассай тұрғын алабында «Риголит» ЖШС тарапынан кәріз жүйелерімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары қолға алынған. Нысандар құрылысы келесі жылға өтпелі.
2022 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған соң кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 42,7 %-ға жетеді деп болжануда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір