• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 16:47:40
Алматы
+19°

Фото: Шымкент қаласының баспасөз қызметі

Қазақстанда 3,5 мыңға жуық адам донорлық органдарды трансплантациялауды қажет етеді. Бұл туралы бүгін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының трансплантация бойынша үйлестірушісі Сәуле Шайсұлтанова Шымкент жүрек орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Сәуле Талғатқызының айтуынша, жүрек алмастыруды қажет ететіндердің ішінде 150-ге жуығы балалар.
- Бүгінде бүкіл әлемде трансплантациялық белсенділіктің өсуі және донорлық процесті ұйымдастыруда ілгерілеу байқалады. Жыл сайын органдарды алмастыру бойынша 115 мыңнан астам операция жасалады, ал заманауи технологиялар пациенттердің өмірін көптеген жылдарға ұзартуға мүмкіндік береді. Біздің елімізде қайтыс болғаннан кейінгі донордан донорлық органдарды трансплантациялау 2012 жылдан бастап жүргізілуде. Осы кезеңде 84 жүрек және 14 өкпе трансплантациясы жасалды. Дегенмен донорлық мәселесі біз үшін әлі күнге дейін шешімін таппаған күрделі мәселе, - дейді С. Шайсұлтанова.

Баспасөз конференциясында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қаладағы Жүрек орталығының трансплантация жасауға дайын екендігін атап өтті. Жоспар бойынша алдағы үш айда Жүрек орталығының мамандары ағза алмастыру отасын жасамақ. Бұл үшін емдеу мекемесінің ота жасау залы операцияға қажетті жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Бұған қоса кардиохирург мамандары арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір