• USD 465.08

  • EUR 488.75

  • RUB 9.1

  • CNY 69.43

29 Маусым, 21:39:48
Алматы
+23°

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылында тұрғындарға тарту жасалып, 6 жоба іске асты. Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Фото

Боранқұл ауылының белсенділері «Қоғамдық кеңістіктер» бағдарламасына қатысып, елді мекеннің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 12 жобаға өтінім берген. Оның жетеуі мақұлданып, грант бөлінген. Қазір 6 жоба пайдалануға берілді. ФотоФото

-«Ауыл тұрғындарының қажеттілігін ескере отырып әрі ауылымызды көркейту мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылды. Айтап айтсақ, «Көркейе бер, мектебім» атты алаң мен жаяу жүргіншілер жолы, «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» спорт және балалар ойын алаңы, «Баланың ойыны - баланың болашағы» балалар ойын алаңы, «Жастар аллеясы» көгалдандыру жұмыстары, «Балауса балғын балалық шақ» балалар ойын алаңы, «Street workout» көше тренажер алаңы салынды. Ал «Жеңіске деген ынта» футбол алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстар «Теңізшевройл» ЖШС мен Орталық Азияның Еуразия Қорының демеушілігімен жүргізілді», - деді жоба үйлестірушісі Айтбай Сиықұлы.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір