• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:22:52
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Scat» әуе компаниясы Мәскеу-Шымкент және Шымкент-Мәскеу бағыты бойынша рейсін қайта ашты.

Аталған бағыт бойынша тікелей келу қызметі пандемияға байланысты тоқтатылған болатын. Еліміздің үшінші мегаполисіне келуші туристер үшін енді тікелей, кедергісіз ұшуға мүмкіндік жасалып отыр. Туристер Мәскеуден Шымкентке аптаның әр сәрсенбісінде кешкі уақытта ұшады.

Жалпы, ұшу кезінде жолаушылар қауіпсіздігі мен карантин талаптарының сақталуына баса назар аударылған.

Айта кетейік, бүгінде Мәскеуге Шымкент қаласынан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларынан да рейс бағыттары қайта ашылды. Одан өзге, Шымкент қаласына Ыстамбұл мен Грузиядан да тікелей рейстер жүруде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір