28 Қазан, 2021 NEWS
![](/media/2021/10/28/crop-52_113_683x1215_af3f97f2-63c6-4dd7-99eb-c4a0205dc1a6.jpeg?width=600&height=480)
Фото: Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аналар қауымының арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негіздерінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған.
Байқау барысында ауданның ақ жаулықты аналары ережеге сәйкес түрлі кезеңдер бойынша өз бақтарын сынады. Іс-шара соңында қатысушылар жүлделі орындар мен арнайы номинациялармен марапатталды.
Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және жергілікті тұрғындар қатысты.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір