• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:53:46
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласындағы маңызды нысандардың бірі – Республика даңғылы.

Республика даңғылы - көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елді-мекендермен біріктіретіндіктен қаламыздың басты магистралды көшелерінің бірі болып табылады.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021 жж аралығына жоспарланған.

Шымкент қаласының оңтүстік қақпасына саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке-А» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Арман Строй Холдинг» ЖШС-гі.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Республика
даңғылының жалпы ұзындығы төртжолақты 5,3 шақырымды құрайды, ал жолдың ені 28 метрді құрайды. Көшенің бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, ал екінші жағына лоток орнатылған және ені 2,25 м жаяу жүргінші жолы салынған. Құбыр үстінен Б.Момышұлы көшесінен жер асты өткеліне («Колос» аялдамасына) дейін веложол қарастырылған, асфальт құбыр арқылы лотокқа баратындай етіп төселген.

Бұл жүйе бұған дейін А.Байтұрсынов көшесінде тексеріліп алынған. Жолдың төмеңгі түзету қалыңдығы 9 см, ал асфалт бетонның беткіқабаты 5 см құрайды.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 90 пайызы біткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент Жол жөндеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір