• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:41:44
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің                       30 жылдығы қарсаңында  «Бес қару» fest жобасыбастау алды.

Үш күнге созылатын іс-шара бүгінгі жастарға батырлар институтын қайта жаңғырту, дамыту міндетін алға қоюды мақсат еткен. Онда жасөспірімдерге батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, қылыштасу шеберлері мен каскадерлар жауынгерлік өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағатын өткізеді.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Батырлар институты тақырыбын барынша ашу мақсатында еліміздің танымал тарих және этнолог ғалымдары мен шетелдік жыршылардың қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылады.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда қалаларынан жыршылар мен көршілес  қырғыз және өзбек елдерінің жыршы-жомоқшылары, каскадерлар мен этно-фольклорлық топ әншілері қатысады.

«Бесқару» fest жобасы үш күнге жалғасады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: “БЕСҚАРУ” FEST ЖОБАСЫ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір