• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

04 Желтоқсан, 17:35:24
Алматы
+8°

Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері, жазушы, драматург Софы Сматаев қарызға кіріп кеткенін айтып, 20 мыңнан астам кітабын сататынын мәлім етті. Қаламгер Express Qazaqstan сайтына 5 миллион теңге қажет екенін айтқан.

Жазушы 25 томдық кітабын 12 мыңға беруге дайын. Десе де жазушының кітабын алатын адам табылмай жатыр екен. 

– Кітап өтпей жатыр. Ойбайлап жатырмын, айқайлап жатырмын, ешкім алмайды. Әкімдерге жаздым, мәдениет басқармасына жаздым. Бір жиынтығын алады, болды. Алматыда кітабымды аламын деген 100 адам бар. Бірақ біреуі де келген жоқ. Өтірік айтады. Дүкендерде менің кітаптарым 50 мыңнан тұр. Ал мен 12 мыңнан беремін дедім. Сонда да ешкім алатын емес. Әйелімнің басына тас қоюға 5,5 миллион теңге керек. Мен соған қарызданып жүрмін, – деді жазушы.

Жазушының жары Шәмшия Сматаева осы жылдың жазында қайтыс болған. Драматург марқұм әйелінің зиратын тұрғызу үшін біраз шығындалғанын айтады.

– Түбі әйелімінің қасына барамын ғой. Жататын жерді қазір дұрыстап қоюуым керек. Ақша маған сол үшін қажет. 25 том тұр. "Елім-ай", "Жарылғап батыр", "Бұлақ", "Мәңгілік бастауы" деген он романым бар. 25 кітапты 12 мыңға бағалап отырмын. Оның 4 томы драматургия, 5 томы поэзия, 1 томы философиялық эссе, – деді Софы Сматаев.

Қаламгер Жазушылар одағынан да, үкіметтен қайран болмай жатқанын жеткізді. 

– Жазушылар одағынан 80-ге келгенше бір мақтау қағаз алған жоқпын. Олар мені иттің етінен де жек көреді. Қазақ жазушылары арасында 25 томдықты жазған ешкім жоқ. Мұхтар Әуезов 17-ақ том жазды. Илияс Есенберлин де 17 том жазды Әбдіжәміл Нұрпейісов тіпті 8-ақ том жазды. Ғабит Мүсірепов те 8 том жазды. Десе де 25 томды 12 мыңға ешкім алмайды. Үкімет 30 жылда менің бір кітабымды шығарған жоқ. Барлығын өз күшіммен шығарып келе жатырмын, –  деді драматург.

Софы Сматаев 1941 жылы Қарағанды облысы, Ақадыр ауданында дүниеге келген. 80-нен асқан жазушы "Құрмет", "Парасат" ордендерімен марапатталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Софы Сматаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір