• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

19 Қаңтар, 17:14:58
Алматы

Түркістан музыкалық-драма театры алғашқы "Бөрте" қойылымына 246 миллион 750 мың теңге бөлген.  Мұндай сыйлықты қала тұрғындарына облыс басшылығы тарту еткен, деп хабарлады 31 арна "Информбюро" жаңалықтар бөлімі.

"Бөрте" пьесасында Шыңғысханның бірінші әйелімен танысқаны жөнінде баяндалады. Алайда көпшіліктің сұрағы қойылымға жұмсалған қаражатқа байланысты туындаған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қаржы мынадай жағдайда бөлінген: тек костюмдер үшін 13 млн 100 мың теңге жұмсалған. Олардың ең қымбаты 6 млн тұрады. Сондай-ақ 600 мыңға арналған қалпақтар бар. Логистикаға, әуе саяхатына, қонақүйлерге орналасу үшін 9 млн теңгеден астам ақша жұмсалған. Барлығы: 40 млн 200 мың теңге. 

Ал қалған 206 млн-ның қайда жұмсалғанына әзірге нақты ақпарат жоқ. Бұл сұрақтарға музыкалық драма театры жауап беруден тартқан. 

– 246,7 миллион теңге бұл қойылымның бюджеті толық театрландырылған маусымға есептелген. 2021 жылдың соңына дейін пьесаның 10 қойылымы күтілуде. Декорациялар, костюмдер тек бір рет сатып алынған, әр спектакль үшін сатып алу қарастырылмаған, – дейді  Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыдағы Абай ҚазҰТББ директорының орынбасары айтқандай, оларда мұндай қымбат қойылымдар бұрын болмаған. Алайда Тайыр Кәрімов үлкен театрларда нөлден бастап спектакльдердің бағасы ауқымдылығына байланысты 300 миллионға дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті.

– Егер нөлден басталса, жаңа музыка, жаңа декорация, жаңа костюмдер, жаңа хореография. Біз "Спартак" спектаклін қоярда жаңа сценография жасадық, бірақ хореография емес, біз жаңа костюмдер тіктік, тек дыбыс жағынан ешнәрсені өзгертпедік. Осының өзі ондаған миллион шығынмен келді, – дейді Тайыр Кәрімов.

Түркістан қаласының халқы соңғы мәліметтер бойынша 170 мың адамнан аспайды. Жергілікті музыкалық-драма театр аудиториясы 5100 адамға арналған. Яғни зал лық толы болған күннің өзінде спектакльді 5 100 көрермен тамашалай алады. Тіпті олардың барлығы орташа бағасы 10 мың теңгелік билеттерді сатып алғанның өзінде олардың инвестициясының 25,5 миллионы ғана өтеледі.

Бірақ санитарлық дәрігердің соңғы шешіміне сәйкес, залдың толу деңгейі 50%-дан аспауы шарт.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір